2901

Нұр-Сұлтанда Волонтерлер жылы игі істерімен басталды

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының волонтерлері қала тұрғындары үшін «Қамқорлық мекенжайлары» және «Birgemiz» акцияларын өткізуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Бұл акцияны біз тұрақты түрде өткіземіз. Жыл бойы ҰОС мен тыл ардагерлері, жалғыз басты зейнеткерлер үшін 145 азық-түлік себетін үлестіруді жоспарлап отырмыз. Бүгін біз 10 көмекке мұқтаж тұрғынға бардық. Осындай шаралардың арқасында елордалық жастар қаланың әлеуметтік өміріне белсенді қатысып, бойындағы мейірімділік, адамгершілік қасиеттерімен бөліседі», - деп атап өтті «Астана жастары» КММ волонтерлік қозғалысты дамыту бөлімінің басшысы Эльвира Есмұханова.

Жастар әдеттегідей зейнеткерлер мен жалғыз басты қала тұрғындарына қар тазалауға көмек көрсетуде.

«Мен «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының волонтерімін. Көптеген қалалық әлеуметтік-маңызды жобалар мен іс-шараларға қатысамын. Кез келген адам мұқтаж адамдарға көмек көрсете отырып, әлемді жақсырақ етеді деп сенемін», - деп есептейді Әділет Байбосынов.

Волонтерлер жылы ұрпақтар сабақтастығының тығыз байланысын атап өтуге тағы бір себеп болды. Үлкендерге құрмет – рухани кемел қоғамның айрықша белгісі екені белгілі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109