2686

Елордалық зиялылар Абай шығармашылығын талқылады

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласы ЖОО ғалымдары, ҚХА Ғылыми кеңес және елордалық этномәдени орталықтардың мүшелерінің қатысуымен «Абай – ақын, ойшыл, аудармашы» атты ғылыми семинар өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жиын барысында сөз сөйлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова мемлекет басшысының «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласының жұртшылықтың көңілінен шығып, қолдауға ие болғандығын атап өтті.

«2020 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында ойшыл, рухани ұстазымыз Ұлы Абайдың 175 жылдығы аталып өтіледі. Абай философиясы қазіргі уақытқа дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Біздің қоғам мүшелерін гуманистік тәрбиелеуге бағыттады. «Ғылым жолына жеткенше – мақтанба» және «Ең алдымен адам болып қалу қажет» деп біздің рухани ұстазымыз адамгершілікке шақырды», - деді ол.

Сондай-ақ, тарих ғылымдарының докторы, профессор Марат Әбсеметов рухани жаңғыру, өрлеудің негізі Абай шығармашылығы екенін тілге тиек етті.

«Біз үшін рухтың биігі – Абай!  Қазір елімізде қай жағынан алсақ та өсу бар. Бізге рухани көтерілу қажет, оған негіз болатын –Абай. 1914 жылы Семейде ақынның қайтыс болуының 10 жылдығына орай әдеби кеш өтті. Сонда Міржақып Дулатов: «Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен- күнге артар. «Бірінші ақынымыз» деп қабірін халқы жиі-жиі зиярат етер, халық пен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар...» деп айтыпты. Алаш ардақтысының сөзі айнымай келді...», - деп профессор жиналған жастардың бойына рух сыйлады.

Сондай-ақ, шара барысында «Абай шығармаларын аударудағы үндестік», Абай шығармашылығында кездесетін «Адам» концептісі», «Абай-аудармашы» тақырыптары қозғалды. Одан бөлек,  ҚХА ғылыми-сараптама тобының төрағасы Халил Маслов, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, ф.ғ.к., доцент Маржан Акошева, «Тұран» білім беру корпорациясының вице-президенті Орақ Әлиев ұлы ойшылдың философиялық ой-тұжырымдары мен шығармаларындағы парасатты ойларды жан-жақты саралаған баяндама жасады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109