4381

Елордада әлеуметтік көмектің жаңа форматы қалай іске асырылуда?

Елімізде осы жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек пен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жаңа форматы енгізілді. Сол орайда елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында бағдарламаның іске асыру мәселелері талқыға салынды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жаңа формат бойынша АӘК мөлшері бұрынғыдай отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісі мен отбасының әр мүшесі үшін өмір сүру құнының 70 пайызы арасындағы айырмашылықты құрайды. 2020 жылдың І тоқсанындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 654 теңге, кедейлік шегі – 24 258 теңге.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік көмек тетігін қарастырып, кешенді шаралар әзірледі. Биылдан бастап АӘК-ке жаңа формат енгізілді. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 4 және одан да көп баласы бар отбасыларға мемлекеттік жаңа жәрдемақы қарастырылды. Көпбалалы отбасылар жәрдемақы тағайындалатын арнайы топқа енгізілді. Қазіргі уақытта жәрдемақылар Нұр-Сұлтан қаласында тағайындалып, төленді. Ал сұрақтары бар отбасылар 1411 нөмірі бойынша колл-орталыққа хабарласа алады», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина.

Мемлекеттік жәрдемақыға өтініш берілген күніне қарамастан толық бір айға тағайындалады. Яғни өтініш 20 қаңтар күні түссе, айдың соңғы күндеріне қарамастан төлем толық бір айға төленеді. АӘК тағайындау үшін өтініш пен жеке куәлік қажет. Бұған қоса, тұрғылықты жері бойынша кемінде 6 ай тұрақты немесе уақытша тіркеуден өту керек.

«АӘК мұқтаж отбасыларға міндетті түрде тағайындалады. Олардың отбасындағы жұмысқа қабілетті мүшесі болса қалалық Жұмыспен қамту орталығы арқылы көмек қолын созуға дайын. Қазіргі уақытта жұмыс берушілер арасында уақыты ыңғайлы 476 вакансия бар», – деді ол.

Басқарма басшысының айтуынша, арнайы учаскелік топ АӘК-ке құжат тапсырған отбасының материалдық жағдайын тексеруден өткізеді.

«Бір үйден артық баспанасы болмауы керек. Баспанасы әр адамға 18 шаршы метрден аспауы қажет. Табыс табуға арналған бөлмелері, жер телімі болмауы керек. АӘК алу үшін бір ғана автокөлігі болуы керек», – деп сөзін жалғады Сәуле Нұрғожина.

Жиын барысында елордада 15 мыңға жуық көпбалалы отбасы жәрдемақы алатыны белгілі болды.

Естеріңізге салсақ, жәрдемақы отбасындағы балалар санына қарай сараланған мөлшердегі кірістерге қарамастан төленеді. 4 бала – 42 496 теңге, 5 бала – 53 127 теңге, 6 бала – 63 757 теңге, 7 және одан да көп бала – 74 388 теңге. Көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін құжаттар Есіл, Сарыарқа, Байқоңыр және Алматы аудандарының ХҚКО-ларында қабылданады.

Сондай-ақ, жаңа жылдан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру басталды.

МӘМС негізгі артықшылығы – емхананы, дәрігерді еркін таңдау және сақтандыру бойынша жеке клиникаға тіркелу мүмкіндігі.  Осы жүйенің көмегімен тұрғындар қымбат диагностикалық және зертханалық зерттеулерді тегін ала алады.

Қазіргі уақытта елордада 32 медициналық ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 15 бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымы, 12 стационар, 1 қалалық жедел медициналық көмек станциясы, 1 медициналық колледж, 1 Арнайы медициналық жабдықтау базасы, 1 Бала үйі, 1 Патологоанатомиялық бюро.

Бұдан басқа, 15 жеке меншік медициналық ұйым алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттік тапсырыс алды.

МӘМС жүйесі барлық азаматтар үшін міндетті екенін ескеру маңызды. 1 сәуірге дейін қазақстандықтар өз мәртебесін анықтауы тиіс. Тегін медициналық көмек мемлекет төлейтін 15 санаттағы тұлғаларға қарастырылған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109