4870

Елордада «Кәсіпкерлерге кеңес беру» күні өтті

Бас қалада бизнес климатын жақсартуға, cондай-ақ, шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне мемлекеттік қызметтерді қолжетімді ету мақсатында қала әкімдігі «Әсем» сауда орталығында «Кәсіпкерлерге кеңес беру» атты ашық есік күнін ұйымдастырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен eлордада бизнес климатты жақсартуға, cондай-ақ, шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне мемлекеттік қызметтерді қолжетімді етуге бағытталған «Әсем» сауда орталығының «Кәсіпкерлерге кеңес беру» ашық есік күні өткізілді.
Шараға Төтенше жағдайлар, Мемлекеттік кірістер, Полиция, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттері, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы, Қалалық орта сапасы және бақылау, Тілдерді дамыту және архив ісі басқармалары, Миграциялық полиция, Кәсіпкерлер палатасы, Жұмыспен қамту орталығы, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметкерлері қатысты.
Аталған шарада кәсіпкерлер салық төлеу, тіл мен жарнама туралы заңнама, мемлекеттік қолдау шаралары, әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы жинақтау, өрт қауіпсіздігі мен санитарлық ережелерді сақтау және басқа да сұрақтар бойынша кеңес алды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109