5266

Елордалық оқушылар халықаралық Жәутіков олимпиадасында 11 медаль жеңіп алды

8-14 қаңтар аралығында Алматыда XVI Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Оның қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының оқушылары 11 медальды иемденді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Халықаралық Жәутіков олимпиадасы Қазақстан, Ресей, Болгария, Румыния, Грузия және басқа елдерден келген физика-математика бағытындағы мектеп оқушыларының білімін бағалайтын командалық жарыс болып табылады.

Олимпиаданың ерекшелігі – физика, математика, информатика пәндері бойынша тапсырмалардың орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде берілуінде. Әрбір команда құрамы 3 математик, 2 физик, 2 информатиктен тұрады. Биылғы жылы дәстүрлі олимпиадаға әлемнің 21 елінен 599 оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының командасы жоғары нәтиже көрсетті.  Алтын медальды математика пәнінен «NURORDA» лицейінің 11-сынып оқушысы Бибігүл Конкаева жеңіп алды. Ал дарынды балаларға арналған «Білім-инновация лицейінің» оқушылары Данат Дүйсембеков, Сам Фетуддах, Марлен Раушанов, Бексұлтан Әбдікәрімов күміс медальға ие болды. Қола медальды аталмыш оқу орындарының оқушылары Абылай Ашкен, Нұрлыбек Таубақабыл, Аманбол Қанатұлы, Жеңіс Әліби, Эльдар Құсдавлетов, Асанәлі Рахметолла қанжығаларына байлады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109