9619

Елорда әкімі Президенттік кадрлық резервке қатысушыларды әкімдікке жұмысқа шақырды

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Президенттік кадрлық резерв мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында қаланы дамытудың негізгі бағыттары, оның ішінде урбанистика, технологияларды коммерцияландыру, сондай-ақ "қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасын дамыту мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Президенттік жастар кадрлық резерві құрылды.

"Бүгін Қасым-Жомарт Кемелұлы резервке өткен мамандармен кездесуде мемлекеттік аппаратты одан әрі дамыту туралы бірқатар тапсырма жүктеді. Қазіргі төртінші технологиялық революция заманда бізге жаңаша ойлайтын, прагматик мамандар қажет.
Цифрландыру дәуірінде мемлекеттік қызметкер аталмыш қасиеттерге ие болуы тиіс. Мемлекеттік аппараттың негізгі міндеттерінің бірі "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асыру болып табылады. Біздің міндетіміз – халықпен кері байланысты нығайтып, азаматтардың өзекті сауалдарына жедел жауап беру. Президенттік кадрлық резерв-бұл меритократия қағидатына сәйкес келетін жастарға арналған әлеуметтік лифт. Жастарды қолдап, адами капиталды дамыту біздің басты міндеттеріміздің бірі болып табылады. Сіздерді қалалық әкімдікке жұмысқа шақырамын. Білімді және креативті жастар үшін біздің есігіміз әрқашан ашық. Сіздер бірнеше кезеңнен тұратын сапалы іріктеуден өттіңіздер. 13 мың үміткердің 300-і резервке кірді.", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Елорда әкімі қатысушыларға еліміздің өркендеуі жолында адал еңбек етіп, өскелең ұрпаққа үлгі болуларын тіледі. Айта кету керек, Президенттік жастар кадрлық резерві қатысушыларымен кездесулер алдағы уақытта да өтетін болады. Қанша маман келетіні туралы тағайындаулардан кейін жарияланатын болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109