3263

Нұр-Сұлтанда шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі 3,1%-ға артты

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша елордада 167 183 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Оның 68 483 заңды тұлға, 98 364 жеке кәсіпкер және 336 шаруа қожалығы. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 3,1%-ды құрайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің тұрақты өсуі мемлекеттің кәсіпкерлік ортаның жай-күйін жетілдіру бойынша қажетті жағдайлар жасауының және қаладағы бизнес-ахуалды жақсарту бойынша үздіксіз жұмыс жүргізуінің арқасында мүмкін болды.
Қазіргі уақытта елордада шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдауға бағытталған бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылуда.
Соның бірі – «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамыту бағдарламасы. Ол бойынша екінші деңгейдегі банктерде несиенің ең жоғары сомасы 2,5 млрд. теңгеге дейін кредиттердің пайыздық көрсеткіштерін 40%-ға дейін субсидиялау, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін 85% - ға дейін және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер үшін 50% - ға дейін кепіл мүлкін қамтамасыз ету мақсатында кепілдендіру, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 3 млн. теңгеге дейін мөлшерде мемлекеттік грант беру, бизнес нысандарының инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары іске асуда.
Жұмыспен нәтижелі қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы да сұранысқа ие. Осы бағдарлама аясында салалық шектеулерсіз 5 жылға дейінгі мерзімге жылдық 6% -бен 8 000 АЕК-ке дейін шағын несиелер беру, сондай-ақ ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін 85% - ға дейін және жұмыс істеп жүрген бизнес өкілдері үшін 50% - ға дейін кепілдік беру көзделген.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109