3194

iQala орталығының қызметтер тізімі 26 жаңа қызмет түрімен толықты

Елорда тұрғындарының ыңғайы үшін қол жетімді қызметтер тізімі www.iqala.kz порталының басты парақшасында жарияланды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Тізім жыл басынан бері 26 жаңа қызмет түрімен толықты. Олар онлайн режимде www.iqala.kz порталында, сонымен қатар офлайн форматында – iQalа Қалалық қызметтер орталығында қол жетімді.
Қызметтер тізілімінде «Астанаэнергосбыт» АҚ-ның тағы 18 қызмет түрі, «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның 4 қызмет түрі, «Астана-АЭК» АҚ-ның 2 қызмет түрі және «Қазақтелеком» АҚ-ның 2 қызмет түрі ұсынылады. Аталмыш қызмет түрлерінің барлығы алғаш рет сандық нұсқаға көшірілгендігін айта кеткен жөн.
 
Қызметті онлайн алу үшін сканерленген құқық белгілейтін құжаттар мен ЭЦҚ қажет.

Бүгінгі күні iQala Қалалық қызмет көрсету орталығында 5 мыңға жуық қызмет көрсетіліп, олардың 50%-дан астамы порталда электрондық түрде ұсынылды. Қала тұрғындары үшін ең белсенді қолданылатын қызмет түрі – «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның ұсынатын қызметтері.

Сондай-ақ iQala-да электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау және қоқыс шығару үшін «бір өтінім – 4 келісім шарт» қағидаты бойынша екінші реттік баспана иелері үшін өзінің алғашқы композиттік қызметін іске асыруға ниетті.

Естеріңізге салсақ, iQala порталы барлық монополистердің қызметтерін бір электрондық платформада біріктіреді. Бұл жүйенің көмегімен 129 қызмет түрін алуға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109