5935

Астрахань тас жолында елордалық ТЖД қызметкерлері 5 адамды құтқарды

Қазіргі уақытта құтқарылған адамдардың барлығы қалаға жеткізілді.  Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық тас жолдар жабылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Құтқарушылар Астрахань трассасы, Нұр-Сұлтан-Павлодар-Көкшетау трассасы, Қосшы кенті, «Теміржолшылар» тұрғын алабын патрульдеуде.

Естеріңізге салсақ, 23 қаңтарда Төтенше жағдайлар департаментінде авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды үйлестіру үшін қаланың азаматтық қорғау қызметтерінің қатысуымен жедел штаб құрылып, жедел желі іске қосылды.

Қала жолдары мен көшелерінде қарды тазалау және шығару жұмыстарына 1 444 жол жұмысшысы мен 1 265 техника бірлігі жұмылдырылды. Нәтижесінде, өткен түні 24 572 текше метр қар шығарылды. Негізгі және қосалқы көшелер тазаланды.

«Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында 14 бағыт бойынша рейс тоқтатылып, 15 рейс кешіктірілді.

«ҚТЖ» ҰК  ақпараты бойынша ауа райының нашарлауына байланысты темір жол көлігінің кешігуі орын алуы мүмкін. Алайда жолаушылар пойыздарының кідірісі болмайды.

Бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары және 1,2-курс колледж студенттері үшін сабақ тоқтатылды, сондай-ақ екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды.

Қазгидромет мәліметтеріне сәйкес, 24 қаңтар күні Нұр-Сұлтанда қар жауып, боран соғады, көктайғақ орын алады, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде 23 м/с дейін жетуі мүмкін.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109