6432

«Астана LRT» компаниясының қызметкерлері «Біз біргеміз» қар тазалау акциясына қатысты

Ондаған қызметкерлер «Асыл Бөбек» және «Мөлдір» балабақшаларының, сондай-ақ Орталық кассаның аумағын қардан тазалауға шықты.

Бұл орындар кездейсоқ таңдалған жоқ. Мысалы, «Асыл бөбек» балабақшасына ерекше қажеттіліктері бар балалар барады, олардың ішінде мүгедек арбасында отыратын балалар да бар. Қатты бораннан кейін, балабақша аумағын қар басып, ата-аналар үшін баланы көтеріп подъезге жету қиындады. Боранның салдарынан қалың түскен қарды тазалау көп уақыт алатын еді, өйткені мекемеде қызметкерлер көп емес, ал ата-аналар мен балалар үшін таза жол қазір және тез арада қажет болды.

Орталық кассамен де осындай жағдай. Кассаға келушілердің ішінде зейнеткерлер, мүгедектер және көп балалы аналар бар.

Бірлескен күш-жігермен бірнеше сағат бойы аталған мекемелер аумағы тазартылды. Компания қызметкерлері осындай тамаша акцияға қатысуға, сондай-ақ аз ғана болса да, қар тазалау жұмыстарына өз үлестерін қуана қосты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109