4746

Экология министрлігінің қызметкерлері елорда көшелерін қардан тазалады

Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі ұжымы сенбіде министр Мағзұм Мырзағалиевпен бірге Нұр-Сұлтан қаласында өткізілген қар тазалау акциясына қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
#BizBirgemiz челленджіне министрліктің 200-ден астам қызметкері қатысты.
"Экология министрлігінің ұжымы бүгін астанадағы қар тазалау акциясын қолдады.
Оң жағалаудағы саябақты тазарттық. Биыл Нұр-Сұлтан қаласында қар қалың жауғандықтан, коммуналдық қызметке көмек керек-ақ. Еріктілер жылында бұл да бір игілікті шаруаның басы болды. Баршаңызға жəрдемдеріңіз үшін мың алғыс!", - деп жазды ведомство басшысы Twitter-дегі өз парақшасында.
Атап айтқанда, Экология министрлігінің қызметкерлерінің күшімен Кенесары мен Республика көшелерінің қиылысындағы саябақ қардан тазартылды. 3 КАМАЗ қар шығарылды.
Естеріңізге салсақ, жуырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық əртіс Тұрсынбек Қабатовтың астана аулаларын қардан тазарту туралы ұсынысын қолдаған болатын.
"Волонтерлер жылындағы орынды бастама", - деп жазды ол Twitter парақшасында.
Соңғы күндерде Қазақстан астанасына қалың қар түскені белгілі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109