2631

Қазақстанға АИТВ індетін бақылау бойынша бірегей ақпараттық жүйе тапсырылды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Орталық Азиядағы АИТВ бойынша USAID «Флагман» жобасы Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығына халықтың негізгі топтары арасында АИТВ-жұқпасының індетін бақылау бойынша үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарға арналған ақпараттық жүйені тапсырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жүйені әзірлеу үшін деректерді жинау және талдау, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, киберқауіпсіздік саласындағы жаңа тәсілдер пайдаланылды, бұл денсаулық сақтаудағы заманауи технологиялардың рөлін арттыруға мүмкіндік береді.
Жобаның арқасында үкіметтік емес ұйымдардың бағалаушылары жедел тестілеуді және АИТВ-ға өздігінен тексеруді, негізгі топтардағы туберкулезді және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға кеңес беруді және скринингті, вирустық жүктемені, емге бейімділік және әр түрлі себептермен диспансерлік есепте тіркелмеген АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды іздеуді қадағалай алады.
«Диагностикадан емдеуге дейінгі көрсетілетін қызметтердің толық мөлшерін қамтамасыз ету бойынша үкіметтік емес ұйымдардың күш-жігері медициналық ұйымдарға айтарлықтай қолдау көрсетеді және негізгі топтар арасында АИТВ жұқпасының жаңа жағдайларының санын қысқартады, себебі, індет негізінен аталған топта дамып келеді», - деді ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры Бауыржан Байсеркин.
Төрт жыл ішінде пилоттық режимде жүзеге асырылған «Флагман» жобасы арқылы Шығыс Қазақстан және Павлодар облысының 10 мыңға жуық тұрғыны АИТВ мәртебесін білді, 500-ге жуық науқас диспансерлік есепке тұрып, бес мыңнан астам адамға әлеуметтік қолдау қызметі қолжетімді болды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109