2767

Елордада «Кітап оқып, рухани бай бол!» байқауы мәресіне жетті

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын тойлау аясында «Кітап оқып, рухани бай бол!» қалалық байқауын  өткізді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

«Кітап оқып, рухани бай бол» – республика көлемінде өткізіліп жатқан ауқымды жобалардың бірі. Байқау мақсаты –  халықтың әр түрлі санатын қамту арқылы халықтың кітапқа деген құмарлығын арттыру.

Абай шығармашлығын насихаттауға бағытталған жоба екі кезеңнен тұрды. Байқаудың І кезеңінде кітапсүйер қауым желтоқсан-қаңтар айлары аралығында өздерінің сүйікті шығармаларынан үзінділер оқып, оны әлеуметтік желілерге жүктеді. Әділқазылар шешімімен 30 қатысушыдан үздік шыққан10 адам ІІ кезеңге жолдама алды.  Жолдама алғандардың ішінде мектеп оқушылары, ЖОО студенттері мен зейнеткерлер де бар.

Келесі кезеңде байқау қатысушылары Абай Құнанбайұлының  өмірі мен шығармашылығына қатысты викторинада бақ сынасты. 30-ға жуық қатысушы ішінен  елордалық №40 мектеп-гимназиясының оқушысы Динара Тойғанбек І орынды иеленіп, жүзден жүйрік шықты. Ал ІІ орынды №63 мектеп-гимназиясының оқушысы Жанар Күнекей, ІІІ орынды Назарбаев университетінің студенті Ақсұлтан Айтқожин иеленді. 

Қатысушыларды абайтанушы, профессор Гүлнар Мұратова, “Рухани жаңғыру” білім орталығының басшысы Айшат Жуасбай, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша “Рухани жаңғыру” жобалық кеңсесінің директор орынбасары Жазира Болтаева, Халықаралық “Шабыт” фестивалінің лауреаты Әлімжан Әлішерұлы  бағалап, оларды арнайы сыйлықпен марапаттады.

«Абай – ұлттың паспорты. Оның айтқан сөздері әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында ұлы ойшылдың шығармалары әрдайым зерттеуді қажет ететіндігін атап өтті. Білім, өнер, музыка ұлтқа бөлінбейді. Абай әлем алыптарымен қатар тұратын тұлға, демек сіздер әлемдік деңгейдегі тұлғаны оқып жатырсыздар», - деді Л.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Гүлнар Мұратова.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109