2714

Нұр-Сұлтанда хоккейден 2022 жылғы Олимпиадаға іріктеу турнирі өтеді

6-9 ақпанда ел астанасында хоккейден 2022 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі өтетін болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Халықаралық хоккей федерациясы конгресінің (IIHF) шешіміне сәйкес, Олимпиада алдындағы біліктіліктің үшінші іріктеу раундының матчтары Есеница (G тобы), Нұр-Сұлтан (Н тобы) және Ноттингем (J тобы) қалаларында өтеді.

6 ақпанда елордада Польша – Нидерланды, Украина – Қазақстан командалары ойнаса, 7 ақпанда Польша – Украина, Қазақстан – Нидерланды матчы, ал 9 ақпанда Нидерланды – Украина, Қазақстан – Польша ойыны өтетін болады.

Хоккейден әлем чемпионатының элиталы дивизионына оралған Қазақстан ұлттық құрамасының қарсыластары Олимпиада алдындағы біліктіліктің үшінші раунды бойынша Польша, Украина және Нидерланды командалары болды. IIHF әлемдік рейтингісінде Қазақстан әлемнің ең мықты хоккей командаларының 20-шы қатарына кіреді және 2570 ұпаймен рейтингте 19-шы орында.

2022 жылғы Олимпиада ойындарына біліктілік төрт раундтан тұрады. ИИХФ рейтингісіне сәйкес, Қазақстан командасы іріктеу турнирінде үшінші кезеңнен бастап ойын көрсетеді.

Есеница, Нұр-Сұлтан және Ноттингемдегі ойын жеңімпаздары олимпиада финалына жолдама алады. Олимпиада біліктілігінің финалдық кезеңі Словакия, Латвия, Норвегияда өтеді.

Айта кетсек, Пекиндегі Олимпиадалық хоккей турниріне қатысуға 46 елден ұсыныс түскен. Ерлер мен әйелдердің әлемдік рейтингінің үздік шыққан 8 ел автоматты түрде олимпиада ойындарына қатысады. Олардың қатарына Канада, Ресей, Швеция, Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия және Швейцария командалары кіреді. Олимпиаданың ақтық кезеңіне барлығы 12 команда қатысатынын атап өткен жөн.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109