5724

Елордада қазақ тілін тегін оқыту курстары басталды

Қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырумен елорданың барлық аудандарында мемлекеттік тілді тегін үйрететін курс жұмысы басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Курс барысында елордалықтарға мемлекеттік тілді оқытумен қатар, латын графикасына үйрету көзделген.

«Өткен жылы 1500-ге тарта қала тұрғынын бес деңгей бойынша қазақ тіліне үйреттік. Олардың ыңғайларына қарай елорданың 4 ауданында оқу кабинеттері жұмыс істеді. Курс аптасына үш реттен жыл соңына дейін жалғасты. Ал латын графикасына 854 қызметкер сұраныс білдіріп, оларды толығымен қамтамасыз еттік. Олардың арасында мемлекеттік қызметкерлер, қорғаныс саласының мамандары, БАҚ өкілдері бар. Биыл да осы жұмыстарды жүйелі түрде атқаратын боламыз. Қосымша ақпараттарды «Руханият» мекемесінің әлеуметтік желілерінен көре аласыздар», - дейді Тілдерді оқыту және әдістемелік жұмыстар жөніндегі бөлімнің басшысы Гүлнара Камашева.

Тіл курстарын ұйымдастыру «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңы және Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы  негізінде жүзеге асып жатыр.

Қала тұрғындары төменде көрсетілген мекенжайлар бойынша қазақ тілі курсына жазыла алады:

Алматы, Есіл аудандарының  тұрғындарына – Қошқарбаев даңғылы, 50 және Қабанбай батыр даңғ., 8 (213-оқу кабинеті),

Алматы және Байқоңыр аудандары – М.Ғабдуллин к-сі., 5, 3-қабат (304-оқу кабинеті);

Сарыарқа, Байқоңыр аудандары – Республика даңғ., 42, 3-қабат  (7-оқу кабинеті).

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109