2543

«Біз біргеміз» акциясы аясында елордалық волонтерлер 100 отбасыға көмек көрсетті

Бас қалада «Біз біргеміз» акциясы жалғасып жатыр. Бүгін қалалық волонтерлер қатарына енген Медицина-техникалық колледждің студенттері көпбалалы ана Сұлушаш Тұрланның ауласын қардан тазалауға көмектесті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

 Волонтерлер штабы жыл басынан бері акция аясында 100 отбасыға көмек көрсетті.

Қазіргі кезде 7 бағыт бойынша  волонтерлерді қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр:

- «Саулық» жобасы аясындағы медициналық волонтерлік  – науқасты күтуге көмек көрсету;

- «Таза әлем» жобасы – қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптауға үйрету;

- «Асыл Мұра» жобасы – халқымыздың материалдық және рухани мәдени-тарихи мұрасын сақтауға волонтерлерді тарту; 

- «Қамқор» жобасы қарттар үйлеріндегі еріктілердің жұмысына бағытталған;

- «Білім» жобасы – ауылдық мектептердің жоғары сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындық, ағылшын тілі мен компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша волонтерлік көмек.

- «Үміт» жобасы – екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 75 жылдығына орай отандастарымыз  туралы баяндайтын құжаттарды іздеуге бағытталған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109