1247

«2020 жылы қолжетімді тұрғын үй құрылысы көлемін 3 есе ұлғайтамыз» - А.Көлгінов

ҚР вице-премьері Роман Склярдің қатысуымен өткен кездесуде қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін арттыру мен 2020-2021 жылдары елорданың проблемалық нысандарының мәселесін шешу талқыланды.

Кездесуге сондай-ақ мемлекеттік органдардың, тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің және құрылыс компанияларының өкілдері қатысты.

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр елімізде "Нұрлы Жер" бағдарламасы сәтті жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Өткен жылы 13 млн 130 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. "Қолжетімді тұрғын үй сегментін салу үшін барлық қажетті резервтер бар. Мысалы, "Нұрлы Жер" бағдарламасына өзгерістер енгізілді. Тұрғындар тарапынан сұраныс бар, тұрғын үй құрылысы қарқынын ұлғайту қажет".

Елорда әкімі Алтай Көлгінов өткен жылы 2020-2021 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының көлемін арттыру мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында үлестік құрылыс нысандарының мәселесін шешу бойынша дайындық жұмыстары қолға алынғандығын айтты.

"Тұрғын үй мәселесі-басты, маңызды бағыттардың бірі. Өткен жылы кезекте тұрған 2900 азамат пәтер алды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді баспана көлемі 3 есе ұлғайса, 2021 жылы одан да көп болмақ. Үй құрылысы комбинатының жұмысы көмектеседі-мемлекеттің қолдауының арқасында кәсіпорынның жұмысы жаңартылды. Үйлердің сапасына нұқсан келтірілмей, шаршы метрдің құнын азайтуға және тұрғызу мерзімін қысқартуға көмектеседі. Бірқатар мәселелер бірлесе жұмыс атқаруды талап етеді", - деді А. Көлгінов.

2020 жылы жалпы 500 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салу жоспарланған – бұл шамамен 8 мың пәтер. 2021 жылы 8,5 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

7800-ден астам үлескер пәтер алып, құжаттарын рәсімдей алады. 2019 жылы қабылданған шаралардың арқасында 10 нысан пайдалануға берілді. (11 үй, 2,5 мың үлескер). Әрбір құрылысы ұзаққа созылған нысан бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары әзірленді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109