2286

Елордада жыл басынан бері ерекше қажеттілігі бар 155 адам жұмыспен қамтылды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы апта сайын «Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарының квотасын орындау» тақырыбында жұмыс берушілермен кездесулер өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету мақсатында орталық өтініш білдірген мүмкіндігі шектеулі азаматтармен мақсатты жұмыстар жүргізеді. Ағымдағы жылдың басынан елордалық 150 мүмкіндігі шектеулі жан жұмыспен қамтамасыз етілді.

Қазақстан Республикасының «Жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес  жергілікті атқарушы органдар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квоталар белгілейді.

Айта кетсек, 30 қаңтарда қоғамдық бірлестік өкілдері, әлеуметтік кәсіпкерлердің жұмыс берушілерімен кездесуі өтті. Кездесудің басты нәтижесі ретінде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында  жұмыс берушілер мен халықты жұмыспен қамту орталығының  арасында белсенді ынтымақтастық орнауын атап өтуге болады.

Қазіргі таңда ерекше қажеттілігі бар жандардың онлайн түрде бос жұмыс орындарын қарауға мүмкіндігі бар. Бұл үшін www.enbek.kz электрондық еңбек биржасында тіркелу қажет. Одан бөлек, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінуге болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109