1297

Нұр-Сұлтанда Ұлы Жеңіс мерекесіне орай 70-ке жуық шара өтеді

Елордада Ұлы Жеңістің 75 жылдығына мерекелеуге орай дайындық жұмыстары талқыланды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Бұл жыл біз үшін ерекше. Жеңістің 75 жылдығын өткізу – маңызды іс-шара. Біз екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің Қазақстан үшін тарихи маңызы бар екенін білеміз. Өскелең ұрпаққа үшін осы оқиғаны жеткізу қажет. Бүгін Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасы дайындалды», - деді қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

Мереке аясында қалада 70-ке жуық іс-шара өтеді. Олардың қатарында 40 мың адамның қатысуымен «Жаужүрек полк – Бессмертный полк» шеруі, елорда тұрғындары мен қонақтарына Жеңіс лентасын тарату және басқа да шаралар бар.

«Елордада ардагерлер ұйымдары мүшелерінің, белгілі қоғам қайраткерлері мен мәслихат депутаттарының қатысуымен Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шараларды дайындау және өткізу жөніндегі комиссия құрылды. Іс-шаралар кешені соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналған профилактикалық медициналық тексеруден, қайырымдылық және патриоттық акциялардан тұрады. Наурыз айының соңында елордалық соғыс ардагерлерінің фотосуреттері бар билбордтар мен баннерлерді орналастыруға кірісеміз. Сондай-ақ ардагерлер кеңесімен бірге қала ардагерлері туралы кітап шығармақ ойымыз бар. Материалдар жақын арада баспасөз құралдары үшін дайын болады», - деп атап өтті Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Талғат Рахманберді.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, соғыс ардагерлері үйде кешенді медициналық тексеруден өтеді, соның ішінде оларға офтальмолог, кардиолог және басқа да мамандар кеңес береді. Сондай-ақ жалғыз басты ардагерлер мен мүгедектерге тегін дәрі-дәрмек жеткізу жалғасады.

Астаналық ардагерлер кеңесінде тыл ардагерлері үшін де медициналық тексеру ұйымдастыру ұсынылды. Айта кетсек, қалада осы санаттағы адамдар саны үш мыңға жуық.

«Олардың көпшілігінің жасы 90-ның маңайында, мұндай жаста жалпы кезекте тұру қиын. Кейде белгілі бір сала мамандары жетіспей жатады. Олар үшін тыл ардагерлеріне бекітілген жерлерде, емханаларда бару кестесін ретке келтіру қажет», - деді қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов.

Осыған байланысты Бақтияр Мәкен тыл ардагерлерін медициналық тексеруден толық қамту үшін акция ұйымдастыруды тапсырды.

Сондай-ақ жиында соғыс батырларына арналған ескерткіштерді қалпына келтіру және оларға іргелес аумақты абаттандыру туралы айтылды.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда 48 соғыс ардагері, оларға теңестірілген 1 700-ден астам адам және 3 мыңға жуық тыл еңбеккері тұрады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109