698

Елордада «Театр диалогы» клубының тұсаукесері өтеді

13 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының  ұйымдастыруымен «Театр жылы» жобасы аясында театр саласы мамандары мен сарапшылары арасында «Театр диалогы» клубының тұсаукесері өткізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Шара «Жастар» театрында сағат 15.00-де басталады.

Клубтың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен, Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Нұрлан Сыдықов пен мемлекеттік және жеке театрларының басшылары, сарапшылар қатысады деп жоспарланған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, театр мамандарының қатысуымен өтетін  клуб отырысы ашық форматта өтеді. Отырыста театр саласының өзекті мәселелері, даму жолдары және театр жылына байланысты тұжырымдамалар қарастырылатын болады.

Басқармада театр жылына байланысты іс-шаралар жыл бойына жалғасатын мәлімдеді. Сондай-ақ отырыс барысында елордада өтетін театр фестивалдері туралы хабарланады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109