1928

Елорданың қоғамдық орындарында қылмыс саны 2 есеге азайды

Өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық орындарында жасалған құқық бұзушылық саны 44,9 % - ға азайған. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова өзінің Telegram каналында мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Егер 2018 жылы қаланың қоғамдық орындарында 14 мыңнан астам құқық бұзушылық жасалса, 2019 жылы бұл көрсеткіш 8 мыңға дейін азайған. Оның ішінде, қала көшелерінде жасалған қылмыстар 38,4 % азайды. Бұзақылық әрекеттер саны 52,3 % - ға қысқарды», - дейді Малика Бектұрова.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда астанада «Сергек» қоғамдық және жол қауіпсіздігі жобасы бойынша 13 мың камера орнатылды. Оның ішінде 10 мыңы қаладағы қоғамдық тәртіпті қадағалайды.

«Бұл камералардың деректері қаладағы көшелерде болып жатқан жағдайды полиция қызметкерлері бақылайтын Ахуалдық орталыққа беріледі. Жол қиылыстарында және жолдың желілік учаскелерінде орнатылған аппараттық-бағдарламалық кешендердің құрамына кіретін шолу камералары да астанада қоғамдық қауіпсіздікті бақылауға мүмкіндік береді. Камералар қаланың жатын аудандарында, мектептердің жанында, қоғамдық орындарда орналасқан. Сондай-ақ, мектептерде, балабақшаларда, қоғамдық орындар аумағында астанадағы қауіпсіздіктің  деңгейін арттыру  мақсатында меншікті камераларды интеграциялау жүргізілуде», - деп атап өтті қала әкімінің орынбасары.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109