2636

Нұр-Сұлтанда су тасқынына қарсы ауқымды іс-шаралар қолға алынды

Елорда әкімі Алтай Көлгінов су тасқынына қарсы іс-шаралардың кешенді жоспарын бекітті. Штаб құрылды: арық-лотоктық желілер мен нөсерлік-канализациялық жүйелерді тазалау жұмыстары басталды. Қала көшелерін еріген судан тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Штаб төрағасы болып қала әкімінің орынбасары Ермек Қизатов тағайындалды. Штабтың міндеті күтілетін су тасқыны деңгейін анықтау және су тасқынын болдырмау бойынша шаралар қабылдау. Сонымен қатар өзен арналарын, нөсерлі кәріздерді бақылап, тиісті түрде ұстау.

"Су тасқыны қаупін азайту мақсатында қосымша көмек ретінде қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істейді. Әлеуметтік нысандар мен жеке секторды қардан тазартуға ерекше көңіл бөлінеді. Дамбалар мен құрылыстардың жұмысын бақылауда ұстау қажет. Қысқы кезеңдегі жауын-шашынның мөлшері рекордтық, 3 боран болды. Алда үлкен жұмыстар күтіп тұр. Ақпан мен наурыз айларында қаланың коммуналдық қызметтері күндіз-түні жұмыс атқарады", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

"Қазгидромет" РМК гидрометорталығының директоры Марина Шмидттің айтуынша, 9 ақпанда жауын – шашынның айлық нормасы түсті (бір айдағы нормасы 15 мм болса, ақпанда 13 мм болды). Ақпан айының бірінші он күні 20 мм жауын-шашын түсті. "ақпан айында да жауын-шашын болады, 9 ақпанда қардан соң жаңбыр жауды".

Қысқы кезеңде 3,5 млн текше метрге жуық қар шығарылды (280 мың рейс), бұл өткен қыстың осындай кезеңіне қарағанда 50% - ға артық. Камаздар күніне 2,5 мың рейс жасайды. Күн сайын қаланы қардан 2 мың бірлік техника мен 1,5 мыңнан астам жол жұмысшылары тазалайды. Боран және қалың қар жауған кезде қосымша арнайы техника қаланы қардан тазалауға шығады.

Қыс мезгілінің басынан бастап қарды уақытылы тазаламағаны үшін 100-ден астам қызмет көрсететін ұйымдар (ПИК, ДК, ЖШС) 4 млн.300 мың теңге сомасына, сондай-ақ 260 елордалық шағын және орта бизнес объектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жұмысты дұрыс атқармағаны үшін әкімдік 10 мердігер ұйыммен жұмыс жасауды тоқтатты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109