2545

"Азаматтарды қабылдау - мәселені нақты шешуге жол бастайды, жүйелі шаралар қабылдау қажет".

Елорда әкімі Алтай Көлгінов кезекті рет қабылдауға жазылған тұрғындармен кездесті. Азаматтар тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, әлеуметтік көмек алу, үлестік құрылыс нысандары, спортты дамыту және т. б. мәселелерін көтерді.

Ерекше қажеттілігі бар баланы тәрбиелеп отырған әйелге медициналық көмек алуға және баланы балабақшаға орналастыруға көмек көрсетіледі. Елордада ерекше күтімді қажет ететін 5,5 мың бала бар.
Биыл инватакси саны 36-дан 56-ға дейін артты. Қалада екі оңалту орталығы салынады. Иппотерапиямен айналысуға арналған ат спорты кешенінің құрылысы басталды. Бұдан басқа, жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында балаларға арналған шағын орталықтар, оңалту орталықтары, емхана сынды әлеуметтік нысандар ашылады.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарын қабылдау мәселені нақты шешуге жол бастайтындығын, алайда жүйелі шаралар қабылдау қажет екендігін айтты.

"Азаматтардың қабылдаған кезде жеке тұрғынға не отбасыға көмек көрсетіледі, алайда жүйелі шаралар қабылдау қажет. Адамдар көп өтініш білдірген сұрақтарды зерделеп, заңнамалық деңгейде өзгерістер енгізу үшін ұсыныстар жасаймыз", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

8 ақпан күні "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығында "Ашық әкімдік" форматында ашық есік күні өтті. Елорда әкімі, әкімнің орынбасарлары, басқарма басшылары мен аудан әкімдері азаматтарды қабылдады. Бір күн ішінде 700 адам қабылданды. Сұрақтар жұмысқа алынды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109