4035

Нұр-Сұлтанда қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі 3 есеге артады

Елордада қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі 3 есе артады. 2020 жылы жалпы 500 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салу жоспарланған – бұл шамамен 8 мың пәтер. 2021 жылы 8,5 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр."Тұрғын үй мәселесі-басты, маңызды бағыттардың бірі. Қазір тұрғын үй кезегінде 48 мың адам тұр. Өткен жылы кезекте тұрған 2900 азамат пәтер алды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді баспана көлемі 3 есе артады. Өткен жылы 2020-21 жылдарға арналған дайындық жұмыстары қолға алынды. Мемлекеттің қолдауының арқасында үй құрылысы комбинатының жұмысы қайта жанданды. Кәсіпорынның қызметі үй сапасына нұқсан келтірмей, шаршы метрдің құнын азайтуға және үйді тұрғызу мерзімін қысқартуға көмектеседі", - деді Алтай Көлгінов.Сонымен қатар, апатты және ескі үйлердің тұрғындарын көшіру жұмыстары жалғасып жатыр. Мысалы, өткен жылы ескі 8 үйдің тұрғындары қоныс аударды. 90-нан астам отбасы жаңа пәтерлерге көшті. Мұнай базаларына жақын жерде орналасқан 39 разъездің тұрғындарын көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғын үйлерге қатысты барлық атқарылып жатқан жұмыстар жүйелі негізде жүргізілуде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109