5285

Биыл Нұр-Сұлтанда 2019 жылмен салыстырғанда екі есе көп мектеп салынады

 2020 жылы елордада өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп мектеп салынады. Биыл 10 мың орындық 12 мектепті пайдалануға беру мен 12 мың орындық 8 мектептің құрылысын бастау жоспарланып отыр.

"Қазір қалада 115 мектеп пен 182 мың оқушы бар. Халықтың өсуіне байланысты қалада әлеуметтік нысандарға жүктеме артып келеді. 8 мектеп қазір үш ауысымда оқытады.

Үш ауысымды оқытумен байланысты мәселені шешу үшін жыл сайын кемінде 10 жаңа мектеп салып отыру қажет. Биыл және келесі жылы 12 мектептен салынады. Бірінші кезекте мектеп құрылысына арналған орындар анықталды. Мектептердің құрылысына жеке инвесторларды тартамыз. Өңірлік кеңесте жеке инвестиция есебінен 22 мың оқушыға есептелген 22 мектеп салу қолдау тапты.", - деді А. Көлгінов. 

Кешенді жоспар аясында 5 жылдық кезеңге 60 мың орындық 50 мектеп (оның ішінде 10 мектеп қазіргі мектептер аймағында) салу жоспарланған.

2 ауысымда бұл 120 мыңға жуық орын ашуға мүмкіндік береді. Елордада еңбек етуге қолайлы жағдай жасау үшін 350 орындық мұғалімдерге арналған жатақхана салынды, кадрларды даярлауға гранттар бөлінеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109