1469

Елорда әкімі есеп беру кездесуіне келген қала тұрғындарын қабылдады

Қала әкімінің халық алдында есеп  беру кездесуі аяқталғаннан кейін Алтай Көлгінов азаматтарды жеке қабылдады. Қабылдауға барлық азаматтар жазыла алды. 90-нан астам адам қабылданды. Көтерілген негізгі мәселелер: жұмысқа тұру, әлеуметтік көмек алу, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, үлестік құрылыс нысандарының құрылысы, тұрғый үй коммуналдық шаруашылығының жұмысы, апатты және ескі үйлерді сүру және т. б.

Қала әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды қабылдау - мәселені нақты шешуге жол бастайтындығын, алайда жүйелі шаралар қабылдау қажет екендігін атап өтті.

"Тұрғын үй кезегінде 48 мың адам тұр. Баспана тек кезек тәртібімен беріледі. Заң аясында көмек көрсетеміз, жүйелі шаралар қабылдаймыз, демеушілерді тартамыз", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Қабылдау барысында қала тұрғындары әкімдікке атқарылған жұмыстар мен бірқатар шешілген мәселелер үшін алғыстарын білдірді. Сонымен қатар "Астана" концерт залының холлында әкімдік басқармаларының басшылары, әкімнің орынбасарлары, аудан әкімдері азаматтарды қабылдады. Сұрақтардың бір бөлігі сол жерде шешілсе, қалғандары жұмысқа алынды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109