3782

Елордалық жұмыс берушілер жастарға 150 бос жұмыс орнын ұсынды

Бүгін елордада жоғары курс студенттері, білім беру ұйымдарының түлектері мен жұмыссыз жастарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қазақ технология және бизнес университетінде өткен жәрмеңкеде 30 жұмыс беруші 150-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды. Оның ішінде «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті, «Нұрбанк» АҚ,  Нұр-сұлтан  қаласы  әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы»  КММ, «Bazis Construction» ЖШС, «ПИК ЮТАРИЯ LTD» ЖШС, «Sa Belle» сән үйі және басқа да мекемелер бар.

Ұсынылған бос жұмыс орындары арасында маркетолог, заңгер, инженер, сату бөлімінің басшысы, мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман, дизайнер, кредиттік кеңесші және менеджер, журналист, қаржыгер, өндірістік бөлімнің меңгерушісі, жүйелік әкімші, бухгалтер, слесарь-жөндеуші, SММ-менеджер, сату жөніндегі директор секілді мамандар сұранысқа ие болды.

Кез келген адам құнды кеңестер алып, жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін шараға 200-ден астам адам қатысты.

Айта кетсек, осындай жәрмеңкелер жыл бойы қаланың ірі жоғары оқу орындарында өтетін болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109