5539

Ауа райының қолайсыздығына байланысты елордадан барлық бағыттағы тас жолдар жабылды

Ауа райының күрт құбылуына байланысты елордалық Төтенше жағдайлар департаменті Нұр-Сұлтан - Қабанбай батыр бағытынан басқа барлық тас жолдардың жабылғандығын мәлімдеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына қала сыртына сапар жасамауды, жол ережесін сақтап, ауа райының өзгеруі мен енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалауды ұсынады. Жолдың жабылуы туралы ақпаратты «112» қызметі «Smart Astana» қосымшасы арқылы хабарлайды, сондай-ақ азаматтар енгізілген шектеулер жайлы «Darmen» қосымшасы арқылы біле алады. Қосымшаны Playmarket немесе Appstore арқылы тегін көшіріп алуға мүмкіндік жасалған.

Қазгидромет деректері бойынша 14 ақпан күні елордада ауа райы құбылмалы, күннің екінші жартысында қар жаууы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықта ұйытқиды.

Құтқарушылар астаналықтарға боранның басылуын ғимаратта күтуді ескертеді.  Егер азамат жолда болса, онда тек тас жолдың бойымен қозғалуы шарт. Көліктен шыққан кезде одан ұзақ қашықтықта кетпеу ұсынылады. Ақау шығып немесе жолдың көрінуі нашарлағанда тас жолдың жиегінде тоқтап, дабыл белгісін беру керек және капотты көтеріп, антеннаға көзге түсетін ашық түсті матаны ілгеннен соң, автокөліктің ішінде отырып көмекті күтуі қажет.

Төтенше жағдай туындаған кезде «112» телефонына қоңырау шалу керектігін айта кеткен жөн.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109