7102

Нұр-Сұлтанда әлеуметтік осал топтағы кәсіпкерлер арасында көше саудасына жер учаскесін беруге өтінімдер қабылдана бастады

   Елорданың Кәсіпкерлер палатасы тұрғындардың әлеуметтік осал топтарына жататын кәсіпкерлік субъектілері арасында көше саудасы объектілерін орналастыру үшін жер учаскелерін бөлу бойынша ұсыныстарымен бірге өтініштерді қабылдауды бастайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

    Регламент бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына: ҰОС мүгедектері мен қатысушылары және оған теңестірілген адамдар,1, 2 және 3 топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар, кәмелет жасына толғанға дейін ата-аналарынан айырылған 29 жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады.
Сондай-ақ бұл топқа «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері немесе бұрын «Батыр ана» атанған, сондай-ақ I, II және III дәрежелі «Ана даңқы» ордендері мен марапатталған көпбалалы аналар, мемлекетті немес қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары, толық емес отбасылар, аз қамтылған отбасылар жатады.
Регламентке сәйкес квота бойынша жер учаскелерін бөлу рәсімі бірнеше кезеңнен тұрады. Бастапқы кезеңде квота бойынша бөлу үшін берілуі ықтимал жер учаскелерін қалыптастыру қажет. Осыған байланысты, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын Нұр-Сұлтан қаласының жеке кәсіпкерлерін сауда нысанын орнатуды жоспарлап отырған жер учаскелері бойынша (24 м2 аспау тиіс) ұсыныстар беруі шарт.
Ұсыныстар еркін нысанда жіберіліп, келесі мәліметтерді қамтуы тиіс:
- құрылыстардың, объектілердің, көшелер қиылыстарына байланыстыра отырып, жер учаскесінің орналасқан жері немесе оның орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік беретін басқа да мәліметтер;
- жер учаскі схемасын www.genplan.saulet.astana.kz сайттаналуға не басқа интернет ресурстар;
- көшелердің, объектілердің немесе құрылыстардыңқиылыстарына байланыстырылған жер дегі жер учаскесінің фотосуреттері.
Азаматтар келесі қызмет түрлерімен айналыса алады: стационарлы емес сауда-саттық, дайын өнімдерді сату, гүл павильондары, тамақ өнімдерін сату, техникалық сервистер объектісі, газет дүңгіршегі, кәдесый өнімдерін сату, тұрмыстық қызмет көрсету нысаны, балалардың бос уақытын ұйымдастыру, жалға беру пунктілері.
Өтінімдер 12 ақпаннан 13 наурызға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Республика даңғылы, 24, «Парасат» БО, 2 қабат, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімі. Жұмыс уақыты сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін. Байланыс телефоны: 8(7172) 91-90-84, d.mustafina@atameken.kz.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109