5794

А. Көлгінов – тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға: "Жалға берілетін баспана-балаларыңызға қалады"

Елорда әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды қабылдады. Тұрғындар тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, медициналық көмек пен атаулы әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналасу және т. б. мәселелерді көтерді. Елорда әкімі Алтай Көлгінов жалға берілетін тұрғын үйді бес жылдан кейін қайтару қажет емес екендігін айтты.

"Қолжетімді баспана-біз үшін басым бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін үш есе ұлғайтамыз. Өткен жылы 2900 тұрғын пәтер алды. Жалға берілетін тұрғын үй туралы айтатын болсақ, үйді бес жылдан кейін босатудың қажеті жоқ.   Үй сіздің балаларыңызға қалады. Тек 5 жыл өткен соң шартты ұзарту қажет. Ал жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін баспанаға келсек, бұл үйлер 5 жыл мерзімге беріледі. Осы уақыт ішінде жұмыс істеп жатқан жастар аяққа тұрып, басқа тұрғын үй бағдарламаларына қатысып не тұрғын үй сатып алу үшін тәжірибе мен қаражат жинай алады", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Елорда әкімі 3 күн бойы есептік кездесуге келген қала тұрғындарын жеке қабылдады. Сұрақтардың бір бөлігі сол жерде шешілсе, қалғандары жұмысқа алынды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109