4779

Елордада ауған жауынгерлерін еске алу рәсімі өтті

Бүгін Нұр-Сұлтанда Ауған соғысында қаза болған қазақстандықтарға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Он жылға жуық уақыт, атап айтсақ 1979 жылдың 25 желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпанына дейін Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің 40-шы армиясының әскерлері Ауғанстан аумағында өз міндеттерін атқарды.  Әскери борышын орындаған 600 мыңнан астам сарбаздар мен офицерлер Ауған соғысынан өтті.

Бұл соғысқа Ауғанстандағы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында 22 мыңға жуық қазақстандық қатысты.

Бүгін Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстаннан шығарылғанына 31 жыл толды.

Дәстүр бойынша бұл күні ауғандық жауынгерлер, марқұмдардың ата-аналары, достары, туыстары өткен оқиғаларды еске алып, Ауған соғысында қаза болған қазақстандықтарға арналған мемориалға гүл шоқтарын қояды.

Іс-шараға қаза тапқан жауынгерлердің туыстары, Ауғанстан соғысының ардагерлері, қала әкімдігінің, «Нұр Отан» партиясының, Ұлттық ұланның, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, орта және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

«Құрметті Ауған соғысының ардагерлері!  Осыдан 30 жыл бұрын Ауған соғысы аяқталды.  Әскери антқа адал совет жауынгерлері 10 жылға жуық уақыт ішінде өздерінің ұлтаралық парыздарын орындай отырып, Ауған жерінде ерлікпен шайқасты.

Бұл соғыс халықтың, ұлдарынан айырылған әкелер мен аналардың, қарапайым жауынгерлердің есінде әрдайым қалады, ал 15 ақпан - батылдықпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алу күні ретінде мәңгі сақталады.  Біз әлемдегі күрделі халықаралық қатынастар кезеңінде әскери және азаматтық борыштарын адал және батылдықпен орындағандардың барлығына ризашылығымызды білдіреміз.  Құрметті ардагерлер, сіздерге, отбасыларыңызға және достарыңызға бақыт, сәттілік, денсаулық тілейміз!» - деді Ауған соғысында қаза болған қазақстандықтарға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Макен.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109