2908

Нұр-Сұлтанда «Сарыға таста» экологиялық акциясы өтті

Өткен демалыс күндері Хан Шатыр сауда-ойын-сауық орталығында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, «ОператорРОП»  ЖШС қолдауымен «Сарыға таста» акциясы өткізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аталмыш акция қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинау экологиялық мәдениетін дамытуға бағытталған. Шараға Швеция елшісі, Финляндия вице-елшісі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің өкілдері, «Оператор РОП» ЖШС қызметкерлері және басқа да қонақтар атсалысты.

Қалалық Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Шолпан Қадырова өз сөзінде өсіп келе жатқан ұрпақтың бойында экологиялық тәрбие мен экологиялық білім беру, табиғатты аялап, оны қорғау бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін атап өтті.

Акция барысында 12 тренинг алаңдары ұйымдастырылды, онда оқушылар қосымша білім беру ұйымдары педагогтары және студент-волонтерлардың көмегімен эко-сумкалар мен эко-сувенирлер жасаудың шебер-сыныптарын көрсетті.

Сонымен қатар, квест зонасы, «Сарыға таста» фото зонасы, «экоQRкод» викторинасы, «Бүлдіршіндер мен ата-аналар-экоблогерлер» бала бақша экопатрулі ұйымдастырылды. Экотрак пен ҚТҚ өңдеу әлеміне экскурсия барысында «Жас Ұлан» РҚБ көсбасшылары макулатура мен пластик жинаудың маңыздылығын түсіндірді.

Сондай-ақ «Сарыға таста»  экомузыкалық батлы, би экомарафоны, үздік эко-орындаушылар марафоны, «Сарыға таста»  эко-айтысы қосымша білім беру ұйымдары жүйесінің би ұжымдарының финалды флеш-мобы өтті.

Іс-шара соңында қонақтар мен акция қатысушыларына алғыс хаттар табысталды.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109