3254

Елорда тұрғындарына жұмыс күші тапшы аймақтардан бос жұмыс орындары ұсынылуда

20, 21 ақпан күні сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуы бойынша бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңке мақсаты – нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында еліміздің жұмыс күші тапшы аймақтарын еңбек қабілетті қызметкерлермен қамтамасыз ету. Жәрмеңкеге Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды және Ақмола облысының өкілдері қатысады.

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына 1 659 адам жүгінді. Барлығы 1 266 адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 373 жұмыссыз шықса, белсенді қолдау шараларымен 893 адам қамтылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109