3678

Алтай Көлгінов: "Кәріз тазарту қондырғысының құрылысын кейінге қалдыруға болмайды"

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде кәріз тазарту қондырғысының құрылысы талқыланды. Қолданыстағы қондырғының қуаты тәулігіне – 254 мың м3. Су тасқыны, жаңбыр мен қар еріген кезде қондырғыға келіп түсетін су мөлшері нормадан асып кетеді.

"Бас жоспарға сәйкес 2030 жылы елорда халқының саны 1,2 млн адамға жетуі керек болған. Алайда қазірдің өзінде қала тұрғындары – 1,2 млн адам болды. Сондықтан екінші кәріз тазарту қондырғысының құрылысы – өзекті мәселе. Осыны ескеріп, техникалық экономикалық жабдықтауға кірісу қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы қаланың инженерлік желілері мен кәріз жүйесін жаңғыртуды тапсырды. Сондай-ақ, газдандыру, үшінші жылу электр орталығының құрылысы сияқты қуатты арттыру және қаланың өмірлік маңызды нысандарын енгізу бойынша жұмысты бақылауда ұстау қажет", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Қазіргі таңда елорданың нөсер суының кәріз жүйесі 15 тазарту құрылғысынан, су жинайтын 3 тоғаннан, 390 км магистральды коллектордан және лотоктық-арық желісінен, 64 сорғы станциясынан, шамамен 20 мың жаңбыр суын қабылдайтын құдықтан тұрады. Бұл құрылғылар ауданы 13,54 мың га аумақтан жерүсті суын ағызуды қамтамасыз етеді.

2019 жылы Мыңжылдық аллеясы ауданында 2 учаске бойынша нөсерлі кәріз мәселесін шештік. Биыл Бауыржан Момышұлы, Республика даңғылдары мен Иманов көшесінің қиылысындағы проблемалық учаскелер бойынша жұмыстар басталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109