3489

ҚР Денсаулық сақтау министрі елордалық iKOMEK орталығының жұмысымен танысты

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов iKOMEK қалалық орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Кездесу барысында iKOMEK  орталығының басшысы Жаннат Дүбірова әкімдіктің 1-0-9 қысқа нөмірлі Бірыңғай байланыс орталығының жұмысын таныстырды. Сондай-ақ BIG DATA қағидасымен жұмыс жасайтын талдау платформасы, қаланы басқару панелі, қаладағы жағдаятқа мониторинг жасайтын мобильді қосымша, GPS-мониторинг жүйесі, әкімдіктің тиімділік көрсеткіштерінің үлгісі (KPIs) және әкімдік басшылары: әкім орынбасарларының, аудан әкімдерінің және басқарма басшыларының рейтингісі сияқты цифрлық бастамалармен бөлісті.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов iKOMEK қалалық орталығының жұмысына жоғары баға берді. Кездесу барысында министр орталықты денсаулық сақтау саласының 1406 бірыңғай байланыс орталығымен біріктіруді, сондай-ақ медициналық қызметтерді ұсыну сапасын арттыру үшін елорда тұрғындарының денсаулық сақтау мәселелері бойынша өтініштерін талдауды Министрлікке беруді тапсырды.

Айта кетсек, iKOMEK орталығы азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою үшін елордалық медициналық мекеме басшыларымен белсенді жұмыс жасауда. 2019 жылдың қазанынан бастап, бас дәрігерлер «iKOMEK109» мобильді қосымшасына қосылып, азаматтардың өтініштеріне мониторинг жүргізеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109