904

18 ақпаннан 19 ақпанға қараған түні жарты айлық жауын-шашын мөлшері түсті

Елордалық Төтенше жағдай департаменті ауа райының құбылуына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды. Синоптиктердің мәліметі бойынша бүгін боран мен көктайғақ күтіліп, жел екпіні 23 м/с құрайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Қазгидромет" РМК мәліметіне сәйкес, 18 ақпаннан 19 ақпанға қараған түні жарты айлық жауын-шашын мөлшері түсті. Түнде 7 мм болса, айлық норма 15 мм құрайды.  Ақпан айының басынан бері жауын-шашын мөлшері 33 мм құрайды.

Қазіргі таңда департаменттің жедел штабы құрылып, оның құрамына ТЖД, қаланың азаматтық қорғау қызметтерінің, аудандық әкімдік, «ҚазАвтоЖол» РМК қызметкерлері кірді.

Сондай-ақ қауіпсіздік мақсатында қаланың барлық бағыттарына тас жолдар жабылды. Елордалық Төтенше жағдай департаменті тұрғындарға мұқият болып,  ауа райының өзгеруі туралы ақпаратты және енгізілген шектеулерді жіті қадағауды ескертеді.

Төтенше жағдай туындаса, «112» қызметі бойынша немесе 24-51-71, 24-51-47, 24-52-12 жедел байланыс телефон нөмірлері арқылы хабарласқан жөн.

18 ақпаннан 19-на қараған түні қар тазалау жұмыстарына 1 292 техника бірлігі мен 156 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Бүгін елорда көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 1 407 техника бірлігі мен 1 100 жол жұмысшысы тартылды.

Ал жалпы осы уақытқа дейін барлығы 4 110 472 текше метр қар полигондарға төгілді (325 497 рейс).

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109