2508

Елордалық iKOMEK орталығына жыл басынан бері денсаулық сақтау мәселелері бойынша 44 194 өтініш түсті

Бүгін iKOMEK қалалық орталығының алаңында елордадағы медициналық ұйым басшылары және Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірге халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесі бойынша жиын өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

iKOMEK орталығы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен және медициналық мекемелермен бірлесіп, азаматтардың өтініштеріне анағұрлым сапалы ден қою үшін белсенді жұмыс жүргізуде. 2019 жылдың қазанынан бастап  «iKOMEK109» мобильді қосымшасының көмегімен қаланың бас дәрігерлерінің жұмысына мониторинг жүргізіледі.

«Өткен жылдың қазан айынан бастап бас дәрігерлер азаматтардың өтініштеріне мониторинг жүргізіп, оған өздері жауап береді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша оң қарқын байқалады. Біз елеулі нәтижелерді байқап, елорда тұрғындарынан көбірек алғыс ала бастадық. Алайда мұнымен тоқтап қалуға болмайды, ары қарай да бірлесіп белсенді жұмыс атқару қажет», - деді iKOMEK109 қалалық мониторинг орталығы басшысының орынбасары Дина Темірғалиева.

Сонымен қатар жиын аясында азаматтардан келіп түсетін өтініштер қаралды. iKOMEK109 орталығының ақпараты бойынша ағымдағы жылдың басынан бері денсаулық сақтау мәселелері бойынша 44 194 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 43 417 – консультация бойынша, 777 – шағым мен жағдаят, 156 – алғыс.

Одан бөлек, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының KPI-индикаторлары талқыланды. «iKOMEK» жүйесіндегі азаматтардың әрбір өтінішін сапалы әрі уақытылы атқару қажеттігі атап өтілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109