2517

Елордалық еріктілердің «Біз біргеміз» челленджіне екі айдың ішінде 50 мыңнан астам адам қосылды

Нұр-Сұлтан қаласының волонтерлері бастаған «Біз біргеміз» акциясы астаналықтар арасында бірден қолдау тапты. Қала аумағын қардан тазартып, сол сәтпен әлеуметтік желілерде #Бізбіргеміз хештегі арқылы бөлісіп жатқан азаматтар саны күннен күнге өсуде. Осы уақыт ішінде белсенді жастар қала іргесінде тұратын 100-ден астам отбасыға көмектесті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Елорда волонтерлері штабының төрағасы Шыңғыс Тілеулиннің айтуынша, «Біз біргеміз» челленджі қаланың коммуналдық қызметтерінің жұмысын жеңілдетумен қатар, республикада еріктілер қозғалысының дамуына жаңаша серпін берді.
«Челлендж идеясы елордада толастамай жауған қарға байланысты пайда болды. Коммуналдық жұмысшылар тәулік бойы қардың салдарымен күресін көріп, сол ретте қала тұрғындарының көмегі олар үшін артық болмайтынын түсіндік. Біздің қозғалысқа барлық жастар бірлестіктері, кейбір ұйымдар мен университеттер қосылды. Олардың ішінде Қазақстан студенттерінің альянсы, «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы, Қазақстан жастарының конгресі, Астана медицина университеті, Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы, «Жас Отан» ЖҚ секілді ұйымдар бар. Біз мүдделі азаматтардың «Біз біргеміз» акциясына жаппай қосылып, бір-біріне жақсылық эстафетасын тапсырғанына қуаныштымыз», - деді Шыңғыс Тілеулин.
Қазіргі уақытта еріктілер мұқтаж тұрғындарға қарды тазарту, шығару жұмыстары бойынша көмек көрсетуді жалғастырып келеді. Күнтізбе бойынша қыстың соңғы күндері болғанымен, іс жүзінде ақпан айы демалуға мүмкіндік бермеді. Мәселен, синоптиктердің болжамынша, 18-нен 19 ақпанға қараған түні жауын-шашын мөлшері түнде 7 мм құрады. Ал ақпан айының басынан бастап жауын-шашын мөлшері 33 мм құраған болатын.
Қайткенмен де көктем мезгілі келіп қалды, сондықтан қаланы қардан тазарту мәселесі өзекті болып отыр. Тазартылмаған қар еріп, тасқын қаупі бар қаланың жеке секторларын су басуы әбден мүмкін. Осы факторды ескере отырып, елорданың коммуналдық қызметтері қала аумағын қар мен мұздан тазарту қарқынын арттыруға тырысуда. Бұл мәселеде қарды өз бетінше шығарып тастауға және полигонға шығаруға мүмкіндігі жоқ азаматтарға еріктілер көмектесуге дайын. Елордалық волонтерлер өткізетін іс-шаралар жергілікті су тасқынын азайтуға септігін тигізеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109