2758

Елордада аз қамтылған азаматтарға АӘК тағайындау бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр

Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы аз қамтылған азаматтарға жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Сол ретте қала әкімдігінің ресми сайтында, ақпараттық агенттіктердің интернет-порталдарында, жергілікті мерзімді басылымдарда, әлеуметтік желілерде АӘК тағайындау тәртібі туралы жарияланымдар орналастырылды деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жылдың басынан бері 10 460 отбасыға АӘК бойынша кеңес беріліп, АӘК тағайындауға 3 189 өтініш қабылданды, оның ішінде 1 284 өтініш көпбалалы отбасылардан түсті. Нәтижесінде, 2 237 отбасына АӘК тағайындалса, 275 отбасына тағайындаудан бас тартылды.
Егер адам (отбасы) жан басына шаққандағы орташа айлық кірісі күнкөріс құнының 70% -ынан аспаса, онда олар АӘК алуға құқылы. Нұр-Сұлтан қаласы үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі 2020 жылдың 1 тоқсанында 34 654 теңгені құраса, кедейлік шегі 24 258 теңгені құрады.
Жан басына шаққандағы орташа табыс АӘК тағайындауда өтініш жасаған отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу арқылы есептеледі. Ал АӘК мөлшері жан басына шаққандағы орташа кіріс мен кедейлік шегінің арасындағы айырма ретінде есептеліп, ай сайын төленеді.
АӘК алатын аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет ұсыну қарастырылған. Ол жасына байланысты екі санатқа беріледі: бірінші - 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдеме пакеті, екіншісі - 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендірілген жиынтық. Орта білім беру ұйымдарында оқитын оқушылар үшін күнделікті мектеп асы, мектеп формасы (жылына бір рет), оқу құралдары (жылына бір рет) беріліп, қоғамдық көліктегі сапарлардың 50% -ы өтеледі. Мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алуға сертификаттар тамыз айында оқу жылы басталғанға дейін беріледі деп жоспарлануда.
АӘК-ге құжаттарды қабылдау келесі мекен жайларда жүзеге асырылады: Жұмыспен қамту орталығы (Бейбітшілік, 25), «Жанұя» Отбасын қолдау орталығы (Бейбітшілік, 14), Алматы ауданының әкімдігі (Тәуелсіздік даңғылы 7), Байқоңыр ауданының әкімдігі (Отырар көшесі, 5), Есіл ауданының әкімдігі (Қабанбай батыр даңғылы, 33), Сарыарқа ауданының әкімдігі (Сарыарқа даңғылы, 13).

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109