715

Елорданың коммуналдық қызметтері қаланы қалың қардан тазалауда

Коммуналдық қызметтер қаланы қалың қардан тазалау жұмыстарын үш ауысымда жүргізуде. Атап айтқанда, көшелер, жаяу жүргіншілер жолы, қоғамдық орындар және басқа да нысандар тазалануда.

19-нан 20-на қараған түні қар тазалау жұмыстарына 1181 техника бірлігі мен 307 жол жұмысшылары жұмылдырылып, 31560  текше  метр қар шығарылды (2630 рейс).

20 ақпанда қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 1397 техника бірлігі мен 1127 жол жұмысшылары тартылды.

Жалпы осы уақытқа дейін барлығы 4224543 текше метр қар шығарылды (335003 рейс).

"Қазгидромет" РМК мәліметіне сәйкес, 18 ақпаннан 19 ақпанға қараған түні жарты айлық жауын-шашын мөлшері түсті. Түнде 7 мм болса, айлық норма 15 мм құрайды.  Ақпан айының басынан бері жауын-шашын мөлшері 33 мм құрайды.

Қазіргі таңда департаменттің жедел штабы құрылды. Елордалық Төтенше жағдай департаменті тұрғындарға мұқият болып,  ауа райының өзгеруі туралы ақпаратты және енгізілген шектеулерді жіті қадағауды ескертеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109