2633

Нұр-Сұлтан қаласының құтқарушылары бір тәулікте 100-ден астам адамға көмек көрсетті

Елордалық Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері бір тәулік ішінде бораннан 107 адамды құтқарды. Ал қар кептелістерінен 17 бірлік техника шығарылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
19 ақпаннан бастап Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінде қаланың азаматтық қорғаныс қызметтерінің қатысуымен жедел штаб жұмыс істейді. Бүгінгі күні үш жедел телефон желісі (24-52-12, 24-51-47, 24-51-71) ұйымдастырылды. Оларға қазіргі уақытқа дейін 71 телефон қоңырауы келіп түсті.
Ал «112» қызметінің шұғыл телефонына 20 ақпанда 1 023 қоңырау келіп түскен. 20 ақпанда сағат 10-00-дегі жағдай бойынша қаладан барлық бағыттар бойынша жол жабылды. Қазіргі уақытта трассаларда 85 бірлік автокөліктер жиналуда.
Қала ішінде және трассаларда 24 бағыт бойынша Төтенше жағдайлар департаменті мен қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері автомобиль колонналарын және жолдарды тазалау бойынша арнайы техниканы сүйемелдеу, сондай-ақ авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу бойынша патрульдеу жұмысын ұйымдастырды.
Қазіргі кезде «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайы мен теміржол қатынасы штаттық режимде жұмыс істейді. Білім беру мекемелерінде сабақ тоқтатылған жоқ.
Елордалық ТЖД тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін сақтап, ауа райының өзгеруі туралы ақпаратты және енгізілген шектеулерді жіті қадағалауды сұрайды.
Айта кетсек, бүгін синоптиктер мәліметі бойынша ауа райы жауын-шашынсыз, түнде боран күтіледі. Ал 21 ақпанда көшпелі бұлт шығып, түнде тұман болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109