8465

Елордада демалыс күндері қайда баруға болады?

Алдағы демалыс күндері қала тұрғындары мен қонақтары конкурстар мен театрландырылған қойылымдарды тамашалап, фестиваль мен концерттерге қатыса алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін, 21 ақпанда сағат 19:30-де құрлықтық хоккей лигасы чемпионаты аясында «Барыс» пен «Салават Юлаев» командалары кездеседі. Бұл хоккейшілердің әр матчы ерекше бәсекелестік рухын көрсетеді. Екі командаға жеңіс керек, демек, ойын күтпеген бұрылыстарға толы болмақ.

Сол күні «Jekpe-jek» сарайында Азия кубогы аясында баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Палестина құрамасымен кездеседі.

Сенбі таңғы тоғызда аптаның басты спорттық оқиғасы –  «Бұрқасын-2020» шаңғы фестивалі басталады. Жарыс шаңғы роллер трассасында өтеді (Astana Park Hotel).

22 ақпанда «Астана» концерт залында «MEGA HIT» тобы өзінің тыңдармандарына XX және XXI ғасырлардағы танымал орындаушылардың хиттерін ұсынады. Концертте Адельдің «Hello» және «Rolling In The Deep», Рианнаның «Russian Roulette», Вейонстың «Crazy In Love», М. Джексонның «We Are The World», Виктор Цойдың «Кукушка» секілді әндері орындалады. Концерт сағат 18:00-де басталады.

Сенбі күні сағат 18:30-да «Nomad City Hall» театрында қазақ классикалық қойылымдарының бірі  «Қыз Жібек» көрермендерге ұсынылады. Эпостың 16 нұсқасы бар. Пьесаның бүгінгі таңдағы өзектілігі қандай? Төлегеннің өліміне Бекежан шынымен кінәлі ме, әлде баласына бата бермеген әке кінәлі ме?

Осы сенбіде М.Горький атындағы орыс драма театрында «Крылатая исповедь вольных сердец» қойылымы орындалады. Көрермендер С.Сейфуллиннің, І. Жансүгіровтің, Б.Майлиннің өлеңдерін тыңдай алады. Поэзия кеші сағат 18:00-де басталады.

23 ақпан сағат 12:00-де «Астана Опера» театрының  ұжымы елорда тұрғындары мен қонақтарын «Түрлі дауыстар әлемі» концертіне шақырады. Концертте Хамиди, Бизет, Верди, Россини, Моцарт, Холминов, Леонкавалло шығармаларынан танымал ариялар мен дуэттер орындалады. Концерттік бағдарламада «Астана Опера» балалар театр студиясының хоры да бар.

23 ақпан сағат 17:00-де «Астана Опера» театрында «Евгений Онегин» қойылымы орындалады. Чайковский өзінің алғашқы қойылымын Мәскеу консерваториясының студенттеріне тапсыруды ұйғарды. Сөйтіп, 1879 жылы наурызда «Евгений Онегин» тұсаукесері өтті. Көп ұзамай опера Мәскеудегі Үлкен театрдың, Санкт-Петербургтегі Мариинскийдің сахналарында қойылып, ең танымал туындылардың біріне айналды.

М. Горький атындағы орыс драма театры жексенбі сағат 18:00-де «Аралас сезім» қойылымына шақырады. «Мен бұл оқиға кез-келген көрерменге жақын әрі түсінікті болады деп ойлаймын, өйткені пьеса махаббат, кәрілік, балалармен қарым-қатынас сияқты жалпыға ортақ дүниелерді қамтиды. Менің туындым махаббат пен сенім күйін сақтауға тырысатындарға үміт береді деп сенемін», - деп жазды қойылым авторы Ричард Баер.

Сондай-ақ жексенбі күні сағат 16:00-де «Астана» концерт залында «Күн шеңбері» халықаралық орыс мәдениеті фестивалі өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109