2724

Нұр-Сұлтанда қызмет көрсету ұйымдары абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды

Қалалық Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес іргелес және бекітілген аумақты қар мен мұздан уақытылы тазартпағаны үшін 120 ПИК әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 5 725 000 теңгені құрады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жергілікті полиция қызметкерлері күн сайын қаланы қар мен мұздан тазарту жұмысын қадағалап отырады.

Қыс басталғалы бері қарды уақтылы тазалап шығармағаны үшін 481 шағын және орта бизнес субъектілері  әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл соммасы 4 424 000 теңгені құрады.

Аулаларды тазартумен айналысатын мердігер ұйымдарға бақылау күшейтілді. Жыл басынан бері 95 мердігерге абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 7 047 000 теңге айыппұл салынды. Жеке меншіктегі жүк көліктерінің 92 жүргізушісі 2 143 000 теңге айыппұл төледі.

Атап айтсақ, экологиялық полиция қызметкерлері «Азия парк» СОСО, «Хан Шатыр» СОСО, «MEGA Silk Way» СОСО аумақтарын уақтылы тазартуды қамтамасыз етпеген «Мега Плаза» ЖШС, «Rem.kz» ЖШС, «Тазарту» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл ұйымдардың әрқайсысына жүз мың теңгеден астам айыппұл салынды.

Қар тазарту машиналарының жұмысын қиындатуға әкеп соғатын жол бойында қалдырылған көліктер бойынша жұмыстар жүргізілуде. «102» пультіне коммуналдық және қызмет көрсетуші ұйымдардың жұмысына кедергі келтіретін автомобильдерге қатысты 1 925 қоңырау түсті.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті шағын және орта бизнес субъектілерін, жеке меншік секторларының тұрғындарын су тасқынын алдын алу үшін өз аудандарындағы қарды уақытылы тазартуды сұрайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109