1911

Елорда әкімі-құрылыс компанияларына: "Құрылыс жұмыстарының сапасына тиісті көңіл бөлу қажет"

Елорда әкімдігінде қолжетімді және коммерциялық тұрғын үй, әлеуметтік және мәдени нысандар құрылысы талқыланды. Алтай Көлгінов жетекші құрылыс компанияларының өкілдерімен кездесті. Кездесуде құрылыс салушылар бірқатар ұсыныстарын айтты. Қала әкімдігі көтерілген мәселелерді жұмысқа алды.  Елорда әкімі Алтай Көлгінов құрылыс жұмыстарының сапасына тиісті көңіл бөлу қажеттігін атап өтті.

"Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салу - біз үшін басты міндет. Бұл істе әкімдік барынша қолдау көрсетіп келеді, көрсететін болады да. Алайда сіздердің тараптарыңыздан да барлық қажетті талаптар орындалу керек. Олардың қатарына құрылыс сапасы, жұмыс кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қызметкерлерге уақытылы жалақы төлеу жатады. Мемлекет басшысының тапсырмасына  сәйкес биыл қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі үш есе артады. Бірлесе құрылыс қарқынын арттыруымыз қажет", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Елордада бірыңғай дизайн-код қабылданды. Дизайн-код стилистикалық тұрғыда бірыңғай, жайлы әрі қауіпсіз қалалық ортаны қалыптастыру мақсатында қабылданған бірқатар ережелер мен ұсынымдардан тұрады. Дизайн-код ғимараттардың қасбеттік элементтеріне және көше-жол кеңістігіне бағытталған. Сондай-ақ, шағын сәулет нысандарын, абаттандыруды, әрлеу материалдарын қолдануды, түстік шешімдерді, жарнамалық құрылымдардың мөлшерін ескере отырып, ғимараттардың қасбеттік бөлігінен көше-жол желісінің қазіргі жағдайын түзету қарастырылған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109