2274

Елордада Қазақстан мен Нидерланд командалары арасында Дэвис Кубогының іріктеу матчы өтеді

6-7 наурызда Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық теннис орталығында Дэвис Кубогының іріктеу кезеңі өтеді. Қазақстан құрамасы Нидерланд құрамасымен кездеседі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ел намысын Александр Бублик, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Александр Недовесов және Дмитрий Попко қорғайды. Оларға Уэсли Кулхоф, Жан-Жульен Ройер, Робин Хаасе, Таллон Грикспур, Ботик ван де Зандшульп қарсы тұрады.

Спорттық турнирдің бағдарламасына сәйкес, 29 ақпан сағат 14:00-де «Mega Silk Way» сауда орталығында жанкүйерлермен кездесу өтеді. Шара барысында балаларға арналған шеберлік сабағы ұйымдастырылады. 3 наурыз сағат 12:30-да Нидерланд құрамасының, ал сағат 13:15-те Қазақстан құрамасының қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. Жеребе 5 наурызда жоспарланған.

6 наурызда турнирдің салтанатты ашылу рәсімінен кейін 14:00-де матч басталады. 7 наурызда қос команданың кездесуі сағат 12:00-де жалғасады.

Дэвис Кубогы жүз жылдан астам тарихы бар ерлер теннисіндегі ірі халықаралық командалық жарыс болып табылады. Ол 1900 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Кубоктың ағымдағы иегері - Испания құрама командасы.

Айта кетсек, Қазақстан ерлер құрамасы осы беделді турнирдің ширек финалына бірнеше рет шықты. Былтыр Португалия командасын жеңгеннен кейін, құрама 18-24 қарашада жаңа форматта Мадридте өткен Дэвис Кубогының финалдық кезеңіне өтті. Испания астанасында Қазақстан құрамасы бірінші ойын күні Нидерланд командасын 2:1 есебімен жеңді, бірақ Ұлыбританиядан 1:2 есебімен ұтылып, плей-оффқа шыға алмады.

Өткізілгелі жатқан іріктеу ойындары қазақстандық теннисшілер әлемнің үздік командаларының қатарында болуға лайықты екенін дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109