714

1 наурызда елордада «Ардагерлерге мың алғыс» акциясы басталады

Көктемнің алғашқы күнінде елордалық волонтерлер штабының бастамасымен Алғыс айту күніне арналған кең ауқымды «Ардагерлерге мың алғыс» акциясы басталады.

Бұл күні волонтерлер соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтайды. Жастар ардагерлердің үйлерін аралап, оларға азық-түлік себеттерін табыстайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның мақсаты – Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің күй жайына қоғамның назарын аудару, жас ұрпақ арасында патриотизм мен отанға деген сүйіспеншілікті рухани-адамгершілік құндылықтардың бірі ретінде қалыптастыру, ардагерлерге көмек көрсетіп, Қазақстан халқының бірлігін нығайту.

«Алғыс айту күні – Елбасының басшылығымен тәуелсіз Қазақстанды құру жолында қиын кезеңді еңсерген ел азаматтарының бір-біріне деген құрмет білдіру күні. Дәл осы күні біз 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге дайындықтың басталуын білдіретін «Ардагерлерге мың алғыс» науқанын бастаймыз. Бір жыл ішінде акцияға 5000-ға жуық еріктілер қатысады деп күтілуде», - деді «Астана жастары» ЖРО басшысы Шыңғыс Тілеулин. 

Бүгінгі таңда бұл бастаманы 200-ден астам волонтерлер қолдады. Олардың ішінде мектеп оқушылары, колледж бен университет студенттері, жастар ұйымдары, үкіметтік емес сектор мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері бар.

1 наурыздан бастап жыл соңына дейін акция аясында бірқатар іс-шаралар өтеді. Атап айтсақ, азық-түлік себеттерін тарату, ардагерлер үшін тұрғын үйді жақсартуға және ұйымдастыруға көмектесу, соғыс ардагерлерінің үйлеріне барып медициналық тексеруден өткізу. Сонымен, «Қазақстанның жас дәрігерлері» ҚБ еріктілері соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне профилактикалық медициналық тексеруден өткізуді жоспарлап отыр.

Акция аясында 400-ден астам соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсетіледі.

«Ардагерлерге мың алғыс» акциясы ҰОС-ғы жеңістің 75 жылдығын мерекелеудің өзіндік бір бастамасы болып отыр. Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған өзге де мерейтойлық іс-шаралар 2020 жылдың соңына дейін ұлттық және мемлекеттік мерекелерді тойлау аясында атап өтіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109