2547

Дүниежүзілік ҮЕҰ күніне орай елордада бірқатар іс-шаралар өтеді

27 ақпан күні елордалық Азаматтық бастамалар орталығының кеңсесінде Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму істері басқармасының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік ҮЕҰ күнін мерекелеу шеңберінде шеберлік-класстар, әлеуметтік жоба көрмелері және әлеуметтік жобалардың табысты жүзеге асқан кейстері бойынша жиын өткізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қоғамдық ұйымдар күні – бұл үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы білуге және қоғамның дамуына қосқан үлесіне алғыс білдіруге тамаша мүмкіндік. Бұл бостандыққа, адамзаттың мәдени мұрасы мен болашағына қамқорлық жасауға және оның құндылығын мойындауға бағытталған үкіметтік емес ұйымдардың жаһандық құндылықтарын көрсететін халықаралық символ.

Шараның мақсаты – азаматтық қоғамды дамытуда үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың тиімді өзара әрекеттестігі мен ынтымақтастығын кеңейту, сондай-ақ оларды әлеуметтік маңызы бар проблемаларды шешуге үгіттеу.

Іс-шараға республикалық ҮЕҰ басшылары мен сарапшылары, дипломатиялық миссиялардың, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысады.

Шара 27 ақпан сағат 09:30-да "Біргеміз" волонтерлер фронт офисінде өтеді. Ал 28 ақпанда ҮЕҰ өкілдері үшін Ашық есік күнін ұйымдастыру жоспарланған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109