3531

Елордада ерекше күтімді қажет ететін балаларды ПМПК емханаларына онлайн тіркеуге болады

Нұр-Сұлтанда ерекше қажеттіліктері бар балалардың аналары онлайн түрде ПМПК емханасына тіркеле алады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова өзінің Telegram каналында мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Ерекше күтімді қажет ететін сәбиі бар анаға психологиялық, медициналық және педагогикалық комиссиядан өту онай емес - барлық құжаттарды жинау, өтініш жазу және баламен тірі кезекте бірнеше сағат тұру өте қиын. Осының бәрін түсініп, біз процесті жеңілдетуге және ыңғайлы етуге тырыстық. Енді сіз баланы ПМПК емханасына үйден шықпай-ақ тіркей аласыз», - деді Малика Бектұрова.

Емханаға тіркелу үшін e.astana.kz сайтына кіріп, «ПМПК-ға тағайындау және емтихан» бөлімін таңдап, өтініш қалдыру қажет.

«Сонымен бірге біз ерекше қажеттіліктері бар балаларды мамандандырылған балабақшаларға, мектептер мен басқа мекемелерге қабылдауды жеңілдетуге тырыстық», - делінген қала әкімі орынбасарының хабарламасында.

Орын алу үшін e.astana.kz порталына кіріп, «Арнайы білім беру ұйымдарына тіркелу» бөлімін таңдап, өтініш жазу керек.

Түзетуші, инклюзивті ұйымға кезек автоматты түрде құрылады. Жүйенің өзі арнайы комиссияның қорытындысына сәйкес нұсқаларды ұсынады. Таңдалған оқу орнында бос орын болған кезде, ол бірден кезекте келесі тұрғанға беріледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109