2851

Елордалық полицейлер былтыр есірткі саудасына қатысты 73 қылмыстық іс қозғады

Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, соңғы уақытта есірткінің дәстүрлі түрлерімен қатар синтетикалық есірткілер мен олардың аналогтары кеңінен таралып келеді. Атап айтқанда, өткен жылдың шілде айынан осы уақытқа дейін синтетикалық есірткі заттармен байланысты 73 қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

2019 жылы қала аумағында 180 кг жуық есірткі тәркіленді, оның ішінде 3 кг астам героин және 2,5 кг жуық синтетикалық есірткі бар. Ағымдағы жылы полиция қызметкерлері 19 кг жуық есірткі заттарын тәркіледі, оның ішінде 18,5 кг синтетикалық есірткі болып табылады.

Сондай-ақ елордада есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз жарнамалау фактілері анықталды.

Одан бөлек, соңғы уақытта интернет арқылы синтетикалық есірткінің таралу қаупі айтарлықтай өсті. Үгіттеушілер есірткі саудасын заңды табыс табу жолы деп таныстырып жасөспірімдерге жұмыс ұсынған.

Мысалы, өткен жылы азаматтардың көмегімен елордалық полицейлер 120 интернет-сайттан есірткі жарнамасына қатысты 400-ге жуық граффити-суреттерді анықтап алып тастады. Синтетикалық есірткі ұсынатын интернет-ресурстарды жарнамалаумен айналысатын 10 адам жауапкершілікке тартылды.

Айта кетсек, интернет-технологияларды пайдалану арқылы жасалған есірткі қылмыстары үшін азамат 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Есірткі және психотроптық заттарды сақтау немесе сату фактілері бойынша азаматтар Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жасырын сенім телефондарына хабарласа алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109