2687

Нұр-Сұлтанда тұңғыш рет Дүниежүзілік ҮЕҰ күні аталып өтті

Бүгін «Біргеміз» волонтерлердің республикалық фронт-офисінің ғимаратында Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне арналған бірқатар іс-шаралар өтті. Жиын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму істері басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шара ҮЕҰ, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың тиімді өзара іс-қимылын дамыту және ынтымақтастығын кеңейту мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру мақсатында өткізілді. Шара аясында шеберлік-класстар, әлеуметтік жоба көрмелері, кеңес беру қызметтері ұйымдастырылды.
«Бүгін біз әріптестерімізбен бірге кәсіби мерекеміз – Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күнін атап өту үшін жиналып отырмыз. Ең алдымен, біз бүкіл Қазақстан бойынша жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдарға алғыс білдіргіміз келеді. Олар қоғамдық проблемаларды шешіп, әлеуметтік шиеленісті төмендетуге септігін тигізіп отыр. Сондай-ақ олар ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейді, АИТВ және туберкулез, адам құқықтары мен азаматтық бюджеттердің ашықтығы мәселелерін шешеді», - деді «КАМЕДА» қоғамдық қорының директоры, қалалық Азаматтық бастамалар орталығының басшысы Махаббат Еспенова.
Іс-шара барысында кәсіби және тиімді фандрайзинг, қажеттіліктерді бағалау БАҚ-та жылжыту тақырыптарына арналған шеберлік сабақтары жүргізілді. Сонымен қатар, әлеуметтік кәсіпкерліктің өзектілігін ескере отырып, спикерлер Ардақ Отарбаев пен Мирас Аббасов әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың негізгі трендтері бойынша семинар өткізді.
Бүгінгі атаулы күнді атап өтуге Алматы, Қарағанды облысы, Шығыс Қазақстан облысындағы қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Бұл елордалық ұйымдардың аймақаралық мәселелерді бірігіп қарауға мүмкіндік беретіндігі анық.
Іс-шара қорытындысы бойынша әлеуметтік кәсіпкерлердің көрмесі ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш шаралар үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру үшін жағдай жасап, Қазақстанда азаматтық қоғамның дамуына ықпал етеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109